Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БӨГЕНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК

БӨГЕНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІК


    Арал ауданының орталығынан шалғай орналасқан Бөген елді мекенінің жұртшылығы бұған дейін ауыз судың азабын аз тартқан жоқ. Елімізде жүзеге асып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауыл халқы үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Кезінде су тасып ішуге мәжбүр болған ауыл тұрғындар бүгінгі таңда сапалы әрі таза ауыз суды үй-жайларында емін-еркін пайдалануға қол жеткізді.
    Бөген елді мекенінің ішкі су желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының аяқталып, іске қосылуына орай салтанатты шара өтті. Оған арнайы қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындарды қос қуанышпен құттықтап, мұндай іргелі істер алдыңғы жылдары жалғасатындығын тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз кезегін алған ауыл ақсақалдары да күрмеуі қиын мәселенің шешімін тауып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, ақ тілектерін жолдады.
    Айта кету керек, құрылыс барысында елді мекенде 22 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 212 нысанға су есептегіш құрылғысы, 114 дана құдық мен 49 дана гидрант орнатылған.


04 қаңтар 2018 ж. 766 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области