ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ БЕЛКӨЛ КЕНТІ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кент тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
– Соңғы жылдары облыс орталығында қала тұрғындарына жайлы жағдай жасауға бағытталған сумен және газбен жабдықтау, жол құрылысы т.б. ауқымды жобалар жүзеге асты. Бұған дейін Тасбөгет, Қызылжарма және Талсуат елді мекендері газдандырылды, ал бүгін біз Белкөл кентін «көгілдір отынға» қосамыз. Мұндай ірі жобалардың жүзеге асуы ең алдымен Тәуелсіздіктің және Елбасының қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Сіздерді мерейлі мерекемен және көптен күткен газға қосылуларыңызбен құттықтаймын. Табиғи отын халықтың игілігіне қызмет етсін, - деді Қ.Көшербаев.
Сонымен қатар, тұрғындарды кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Сартай Қайруллаев та құттықтады.
Айта кету керек, соңғы 5 жылда қалада жылу магистральды желілерінің 60 пайызы жаңартылды, 500 шақырымнан аса жол жөнделді, ал қаланы газдандыру 95 пайызға жетті.