Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙҚОҢЫРҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТТІ

БАЙҚОҢЫРҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТТІ


    Байқоңыр қаласындағы №7 мөлтек аудан мен №277 мектеп-лицейдің табиғи газға қосылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Манас Тасыбаев, әкімдік өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындарын көптен күткен көгілдір отынға қосылуымен құттықтады.
    Екі жақты үкіметаралық комиссия жүргізген жұмыстардың нәтижесінде Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды мәселелер шешілуде. Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді дамуына арналған біріккен жобаның бағдарламасы әзірленді. Қазақстан тарапынан Байқоңыр қаласының инженерлік инфрақұрылымының жаңғыруы және тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру механизмі келісілді. Үстіміздегі жылы 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, келесі жылы пайдалануға беріледі.  Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " және "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" арқылы коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Сонымен қатар, қала тұрғындарын Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Манас Тасыбаев құттықтады.
    Айта кетейік, ресейлік "Восточный" ғарыш айлағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардың басым бөлігі «Байқоңырға» ауыстырылуда. Осыған орай, "Байтерек" бірлескен жобасын жүзеге асыруды жеделдетіп, жаңа зымыранды ұшыру мерзімін 2025 жылдан 2022 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.
    Ағымдағы жылдың 12-ші қарашасында  «Дубаи эйр шоу 2017» әуе-ғарыштық салонында өткен Қазақстан - Ресей - Біріккен Араб Әмірліктері үш жақты кездесуінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы бірлескен ғарыш бағдарламаларының жүзеге асырылуы талқыланды.
    «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалануды әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін  ірі тораптық ұшу аппараттарын құрастыру, газтурбиналық қозғалтқыштарды жинақтау, тікұшақтарды жөндеу, тігін өндірісін және өзге де өндірістерді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау жұмыстары басталды.






17 қараша 2017 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области