АРАЛҚҰМДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта Арал ауданында айтарлықтай істер атқарылуда.
Мәселен, биыл аудандағы 7 елді мекенде ауыз сумен қамту жүйелерін жүргізу қолға алынып, қарқынды жұмыстар жүргізілді.
Осындай ілкімді істердің нәтижесіне Аралқұм ауылында жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды. Құрылыс барысында елді мекенде 28 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 242 нысанға су есептегіш құрылғысы орнатылған.