Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Бізді бала күнімізден ұялшақ болу - өте жақсы қасиет деп өсірді. Алайда ұялшақтар ортаға сіңісу барысында көптеген қиындықтарға тап болады. Ұялшақ адамның өмірінде қарым-қатынаста мәселелері көп әрі олар шиеленіске толы.

Ұялшақ адамдарға жаңа таныстықты бастау қиынға соғады. Әдеттегідей, олар өз-өздерін төмен бағалайды: ойларын айтуға, өз құқықтарын қорғауға қорқады. Бұлар - жылдар бойы бір қызметте отыра беретін адамдар. Жалғыздық, мазасыздық, депрессия - ұялшақтықтың сыңарлары.
Ұялшақтықтан арылғыңыз келсе мына кеңестерге құлақ түріңіз:
Алдымен өзіңіздегі сенімсіздік пен қорқыныш сезімі қайдан пайда болғанын түсінуге тырысыңыз. Сіз өзіңізді түсініп, өзіңізбен келісімге келуіңіз керек. Сіздің басқалардан, басқалардың сізден еш айырмашылығы жоқ. Сіз де өз ойын айтуға құқылы және қызықты әрі сыйлауға тұрарлық адамсыз. Сіз біреудің ойына тәуелді болсаңыз, біреу де сіздің ойыңызға тәуелді болуы мүмкін.
Өзіңізді басқалар не ойлайды деген ойсыз, сабырмен жан-жақты бағалауға үйреніңіз. Осылайша, сіз бағаңызды өзіңіз көтересіз.
Айналаңыздағы барлық нәрсеге салмақты қарамай, қалжыңдасып үйреніңіз. Өзгелердің де сізбен қалжыңдасуына мүмкіндік беріңіз. Осы арқылы сізде біртіндеп сенімділік пайда болады.
Актерлік шеберлік, шешендік өнер курстарына барыңыз. Курста өзіңізге сенімділік пен ашық болуды үйрететін арнайы сбақтар бар. Көпшілік алдында сөйлеуге қысылатын қорқынышыңызға тіке қарап үйренесіз.
Өзіңіздің сырт-келбетіңізге мән беріңіз. Адамның сырт келбеті мен ішкі дүниесінде көзге көрінбейтін байланыс бар. Қаншалықты жақсы көрінсеңіз, соншалықты өзіңізге сенімді боласыз.
05 қазан 2019 ж. 548 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области