Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 220 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 220 отбасы баспаналы болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қала күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа нысандардың ашылуына облыс әкімі қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Олар 320 орынға арналған «Ханшайым ана» балабақшасымен, жалпы саны 220 пәтерді құрайтын сол жағалауындағы жаңа қалада орналасқан 4 көпқабатты тұрғын үй.
Тыл және ауған соғысының ардагері мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және 2- топ мүгедектеріне пәтер кілті табысталды. Соңғы жылдары қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Сонымен қатар, осы жылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылғанын білесіздер.
Сондай-ақ, бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан.
Дәл осы күні пайдалануға берілген жаңа балабақша мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. 3 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 6640 шаршы метр. Құны 874,6 млн теңге. Заманауи үлгіде салынған балабақша 16 топқа арналған, әр топта 20 баладан тәрбиеленеді. Аймақ басшысы өз сөзінде «Өскелең ұрпаққа салынған инвестиция -болашағымыздың жарқын болуының кепілі».Бұл мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы үлкен рөл атқаруда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақшалардың үлесі 72 пайызды құрайтындығын атап өтті.
02 қазан 2019 ж. 422 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области