Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жаңа жыл қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды

Қызылордада жаңа жыл қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 60 пәтерлі тұрғынүй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа баспанаға бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, кезекте тұрғандар мен көпбалалы отбасылар ие болды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа пәтер иелерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, соңғы жылдары аймақта көптеген әлеуметтік және бизнес-нысандар, тұрғынүйлер мен өнеркәсіп орындары салынғанын атап өтті.
«Тек осы жылдың өзінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен облыс орталығында 402 мың шаршы метрге жуық тұрғынүй пайдалануға берілді. Бүгінгі күні қалада 2052 пәтерге арналған 46 көпқабатты үй, оның ішінде 1272 пәтерге арналған 31 үй – жеке инвесторлар есебінен салынуда. Қуаныштарыңыз құтты болсын», - деді аймақ басшысы.
Жаңа үйдің кілтін алған Батыр ана - Бибіайым Әлібекова облыс әкіміне ризашылығын жеткізді.
«Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне мыңдаған отбасына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз. Барлығыңыздың еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Жаңа баспаналы болуды армандаған барша қызылордалықтар көп ұзамай қоныс тойын тойласын!» - деді Бибіайым Әлібекова.
Айта кетейік, 60 пәтерлі үйдің жалпы ауданы-4 085 ш. м.
Соңғы 6 жылда Қызылорда облысында 14 жаңа шағын аудан, оның ішінде Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладағы бірінші шағын аудан нысандары бой көтерді. Тек осы жылдың өзінде өңірде 1222 пәтерге арналған 56 көпқабатты үй, яғни 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй (2013 жылы 270 мың шаршы метр) салынды.





28 желтоқсан 2018 ж. 542 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области