ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 210 ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 2 көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа қонысқа көшті. Жалдамалы тұрғын үйдің кілттері көпбалалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен және қоныстойымен құттықтады.
Сондай-ақ, жерлестеріне академик Асқар Жұмаділдаев та жылы лебізін жеткізді.
– Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялаған 360 депутатының бірі мен болатынмын. Сол уақытта Қызылордада, осы ауданда тұрдым. Әлі есімде, сол кезде бұдан да суық қыс болды, су, жарық, жылу, жол жоқ. Біз де бүгінгідей елдігімізді, егемендігімізді сақтап қала аламыз ба деген уайым болғанын жасырмаймыз. Ал енді Қызылордамыз қалай көркейіп, керемет үйлер салынып жатқанын көріп, қуанып отырмыз, - деді академик.
Осы жылы қалада 61 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде. Срңғы 5 жыл көлемінде аймақта құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, облыс орталығында 8 есеге артып отыр.