Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА СҮРІЛГЕН ЕСКІ ҮЙЛЕРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТТАР САЛЫНАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СҮРІЛГЕН ЕСКІ ҮЙЛЕРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТТАР САЛЫНАДЫ


    Қызылордада апатты жағдайда тұрған көппәтерлі үйлер орнына әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар бой көтереді. Жоспар бойынша облыс орталығында барлығы 25 үй бұзылады деп күтілуде, деп хабарлайды khabar.kz.
    Ал осы үйлер тұрғындарына жаңа пәтерлер берілді. Жалпы Қызылордада апатты үй тұрғындарын жаңа қоныспен қамту жұмыстары 2013 жылы қолға алынған болатын.
    – 2013-2016 жылдары жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған 204 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Енді үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы бойынша 305 тұрғын үйі апатты деп танылған отбасылар толықтай баспанамен қамтамасыз етіліп, мәселелері толықтай шешілді, – дейді  облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.
    Осыдан 4 жыл бұрын облыс орталығында апатты деп танылған 25 үй бар еді. Қабырғасы қаусаған сол үйлерде жүздеген қызылордалық бірнеше жыл бойы ұрей құшағында өмір сүріп келді. Жылдар бойы көне баспанада жанын шүберекке түйіп отырған отбасыларға биыл Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағынан 305 пәтерлік 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша жергілікті басшылық Қызылорда қаласындағы апатты үйлер мәселесі толық шешілді деп мәлімдеді.

27 қараша 2017 ж. 760 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области