Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

АРАЛДА АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ


    Жыл басынан бері  Арал ауданында 12272 шаршы  метр  құрайтын 111  тұрғын  үй  пайдалануға  берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі М.Оразбаев хабарлады.
    Биылғы жылы «Қолжетімді  баспана 2020» бағдарламасы  аясында Арал қаласында 2 бір  пәтерлі коммуналдық  арендалық  тұрғын  үй салынып, «2020 жылға  дейінгі Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы  бойынша  11  кондоминимум  нысаны  күрделі  жөндеуден өткізілді.
    – Биыл 14 нысанның құрылысына  3,3 млрд. теңге  қаржы  қаралды. Үстіміздегі жылы апаттық жағдайдағы Көктем, Үкілісай, Аққұлақ, Ерімбетжаға және Ескіұра негізгі  мектептерінің ғимараттары жаңадан салынып пайдалануға берілді. Ал, салынып жатқан Құланды орта мектебі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыстық бюджет есебінен 300 орындық №14 мектеп – лицей ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданда 7 мектептің құрылысы  жүріп, аудандағы  апаттық  жағдайдағы  мектептер  мәселесі  түбегейлі  шешімін  тапты, – деді аудан басшысы.  
    Сондай-ақ, 150 орындық аудандық орталық аурухананың,     2  коммуналдық  арендалық тұрғын  үйдің, Сексеуіл  кентінде  спорттық  сауықтыру  кешені  мен учаскелік  полиция  бөлімшесінің, 3  спорт  алаңының  құрылыстары салынды.

17 қараша 2017 ж. 848 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области