ЕРІМБЕТЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Арал ауданына қарасты Ерімбетжаға елді мекеніндегі 20 орындық балабақшасымен 50 орындық №18 негізгі мектеп ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа мектеп ғимаратының ашылуы ауыл тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар үшін көптен күткен қуаныш еді.
Аталмыш шараның ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев және облыстық білім басқармасы басшысының бірінші орынбасары Бағдат Бердаулетов қатысып, ауыл халқын ортақ қуаныштарымен құттықтап, облыс әкімінің мектепке тарту еткен түрлі-түсті теледидарын табыстады.
Сонымен қатар, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы киелі Қарақұм өңірінен осындай әсем ғимараттың бой көтеруімен барша жиналған қауымды құттықтап, заман талабына сай жабдықталған жаңа мектепте оқушылар сапалы білім алады деп сенім білдірді.