Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайырымдылық керуені» байқауының іріктеу кезеңі басталды

«Қайырымдылық керуені» байқауының іріктеу кезеңі басталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірінде "Қайырымдылық керуені" республикалық конкурсының іріктеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Манат Алмашева мәлімдеді.
«Бұл конкурсты ұйымдастыра отырып, біз мұқтаж жандарға көмектесетін, қайырымдылық іс жасайтын адамдарды танымал ету міндетін қоямыз. Екінші жағынан жас ұрпақты қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісі арқылы адамгершілік нормаларын арттыруға ықпал етеміз», - деді Манат Тамабайқызы.
Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында белгілі болады. Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады: «Асар» ,«Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек «Қайырымдылық тарихы».
Еске сала кетейік, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды.
03 қазан 2019 ж. 424 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области