Пәтер иелері кооперативтері мен жеке күзет ұйымдарының өкілдері бас қосты
Kyzylorda-news.kz. "Учаске" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитовтың төрағалығымен қала көлемінде қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативтерінің бастықтарын, жеке күзет агенттіктерінің өкілдерін қатыстыра отырып кеңес өтті.
Кездесу алдында Ш.Амитов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына және жеке күзет ұйымдарының өкілдеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында ПИК және жеке күзет ұйымдарының қылмыстың алдын алу бойынша бірлескен алдын алу жұмыстары талқыланды. Жиналыс барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар, шақырылған өкілдер арасында бейнебақылау камераларын және басқа да күзет құрылғыларын орнату қажеттілігі туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.