Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҮШІН ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҮШІН ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ


    Тәртіп сақшыларының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайтып және жедел іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бес қаруының сай болуы аса маңызды. Қазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда облыс басшылығы жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Ішкі істер органдарының имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында «Тағзым алаңында» полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді.  Бөлініс құрамында департаменттің қызмет салалары және ҚР ІІМ ҰҰ №5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен жеке күзет мекемелері және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
     Шара барысында Кадр жұмыстары басқармасы қызметкерлері жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу барысы туралы жеткізіп, жеке құрамды марапаттау жөніндегі бұйрықтармен таныстырды.
    Сонымен қатар, қызметкерлерде болуы тиіс қару-жарақтар, қызметке түсетін адамның маусым бойынша нысанды киім киюі, сыртқы келбеті жинақы және керек-жарағының ақаусыз болуы, инженерлер мен техниктер автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйі тексерілді.
    Бұйрық берілгеннен кейін үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты шеру жүріп өтті. Аталмыш шара әр айдың соңғы жұмасында өткізілетін болады. Айта кететін жайт өткен жылмен салыстырғанда облыстағы қоғамдық орындардағы қылмыстар 14,1 %-ға, көшелердегі орын алған қылмыстар 4,1 %-ға төмендеді.






27 қараша 2017 ж. 749 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области