Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨЗГЕ СӨЗДЕН ӨЛЕҢГЕ ҰСТА АҚЫН

ӨЗГЕ СӨЗДЕН ӨЛЕҢГЕ ҰСТА АҚЫН


    Қара домбыраның үнімен қара сөздің күшімен дау тоқтатқан, ел бірлігін сақтап сыр сүлейі атанған Бұдабай Қабылұлы сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. 14 жасында аламан айтысқа ең алғаш Қарлығаш деген қызбен қатысуы оны ақын ретінде таныта бастайды. Өлең-жырға деген құштарлығы «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы» деген біршама шығармалардың дүниеге келуіне арқау болады. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға бағытталған. Оның ішінде «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Онда:
    Әуелі Құдай жаратқан,
    Екінші сөзім-Мұхаммед.
    Бейнетті басқа бір өлім,
    Мұхаммедке болса үммет.
    Ақырын Алла бермесе,
    Орнады бізге бір нәубет.
    Сақилығы бар еді,
    Баязит пенен Бастандай – деп бейнелеген бұл шығармада сол кездегі бір оқиғаға байланысты ел ішіндегі екі ру арасындағы болғалы тұрған қақтығысты болдырмай, руларды ортақ мәмілеге келтірген.
    Міне, сөз құдіретін ұққанға бөлекті біріктіріп, дауды қош, жауды дос қыла алған туабітті қасиетімен өлмес өсиет қалдырған, бітімі ерек, болмысы бөлек Бұдабай ақын жайында айтылар дерек осындай. Ақынын ардақтап, атын өшірмей, ұлылығын көрсету келер ұрпақ қолында десек, бұл жолдан әсте жаңылмай келеміз.
    Халық поэзиясында өлең өнерімен даңқ тұғырына көтеріліп, Жыр дария – нұрлы әлем, құдірет — құбылысқа айналған, бүгінде 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өмірі өрнекті, өнері өрісті, болмысы бөлек, еңбегі ерен, дарыны дара, таланты сирек, даналардың бірі Бұдабай Қабылұлына Сыр елінің жалынды, қара өлеңді қиыннан құрастыра отырып, әлсіз тұсын дөп басып жырлайтын жас ақындары арнау өлеңдерін оқыды.
    Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» – деген болатын. Елбасы атап көрсеткендей, ел бірлігін сақтаған, әр қазақты жалғызындай көріп жоқтау, толғау, мақтау, сынау, терме сынды түрлі жанрда өлең шығарған Бұдабай ақынды да елі, ұрпағы ұмытпай, жадында сақтауы тиіс. Осы мақсатта аудандық мәдениет үйінде «Ел бірлігін сақтаған Бұдабай ақын» атты облыстық жас ақындар жазба мүшәйрасы өтті. Мерекелік шараның сахна пердесі ақынның өмірін бейнелеген тамаша көрініспен ашылды. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ұлтымызды ұлықтаған, Сыр елінің жыр елі атануына себепкер болған тұлғалардың ізін жалғар жас ақындарға сәттілік тіледі. Сөз додасында әр ауданнан келген 10 ақын бақ сынады.
    Тұлғасы бөлек ақынның келбетін ерек бейнелеген ақындарды арнайы бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қара өлеңмен жыр додасына түскен шиелілік Бекжан Ержігіт бас жүлдені, жалағаштық Жасұлан Серік І орынды иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынды қазалылық Ақжол Түменбай қанжығаласа, ІІІ орынды қызылордалық Нұрдәулет Баймахан мен аралдық Ұлықбек Бекұзақұлы бөлісіп алды. Елін, жерін, ақыны мен батырын жырлайтын ақыны бар елдің бағдары айқын, болашағы жарқын болары хақ.

25 желтоқсан 2017 ж. 1 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области