Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Синоптиктер қазанның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

Синоптиктер қазанның 9-ы күнгі ауа райы болжамын жария етті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда, 9 қазан күні еліміздің басым бөлігі жоғары қысымның ықпалында болады. Соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Батыс аймақтарда да жауын жаууы мүмкін.
Республиканың кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жыламдықпен соғады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
09 қазан 2019 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области