Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Елдің оңтүстік-шығысында жауын көп мөлшерде жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа барады.
Шығыс-Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
04 сәуір 2019 ж. 464 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области