Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаңтардың 28-і күнгі ауа райы болжамы

Қаңтардың 28-і күнгі ауа райы болжамы

Қаңтардың 28-і күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Елдің шығысында ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Мемлекеттік кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Ақтөбе облыстараның кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

28 қаңтар 2019 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области