Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандағы ең тапшы мамандықты білесіз бе?

Қазақстандағы ең тапшы мамандықты білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Биылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелер мен бос жұмыс орны санының арақатынасы бойынша күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандардың көш басында тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.
Орталық сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиеші көмекшілері (1,2 мың) кіреді.
Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына санитарлар, жүк көлігі жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.
«Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екенін айта кету керек. Ол - Қостанай облысы (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласы (1034 бос жұмыс орны). Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие мамандар - орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды» делінген хабарламада.
Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстар талдауымен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам жұмыс орнына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне (2.6 мыңнан астам бос жұмыс орны) тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.

09 қазан 2019 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области