Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медициналық «Жәрдем» пойызы 1000 жалағаштық тұрғынға тегін қызмет көрсетті

Медициналық «Жәрдем» пойызы 1000 жалағаштық тұрғынға тегін қызмет көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, медициналық «Жәрдем» пойызы жасақталған болатын. Аталмыш пойыздың медицина мамандары 8-9 қазан аралығында Жалағаш ауданының тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
«Жәрдем» медициналық поезы 8 вагоннан тұрады. Оның 4 вагоны медициналық құралдармен жабдықталған. Медициналық пойызда невропотолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография, эндоскопия, педиатр, окулист, стоматолог, онколог-маммолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Медициналық пойыз дәрігерлеріне барлығы 1000-ға жуық жалағаштық тұрғындар қаралған. Оның ішінде 200-і балалар.
Тұрғындар негізінен қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруларына байланысты шағымданған.
Бүгін, яғни, 10 қазан күні аталған пойыз Қармақшы ауданындағы «Қызылтам» кентіндегі вокзалға тоқтады.



10 қазан 2019 ж. 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области