Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бастау» жобасын бітірген қызылордалық 58 жастағы азамат құс өсіруде

«Бастау» жобасын бітірген қызылордалық 58 жастағы азамат құс өсіруде

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық 58 жасар Тойбазар Шаханов оқудың, кәсіп ашудың қай жаста да кеш еместігін дәлелдеп отырған жан. Ол «Бастау» жобасы бойынша бір ай оқып, біліктілігін жетілдіріп, жеке кәсібін ашты.
Бұрыннан жеке кәсіппен айналысып, оның ішінде құс өсіруді ойластырып жүрген Тойбазар Шаханов Кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасы жөнінде естіп, оқуға ниет білдіреді. Жоба барысында бизнестің әліппесін үйреніп, бизнес-тренері Наталья Мишуковамен бірге бизнес-жопарын жасайды. Көптен армандаған құс өсіру кәсібіне қатысты үйдегі дайындықты да ерте бастап кетеді. Алатын құстарына орын дайындап, қорасын да салып қояды.
«Бастау» жобасын сәтті бітіргеннен кейін, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 252 500 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіп иесі тауық, индук секілді құстарды сатып алады.
«Үйде жұмыссыз отырып қалғаннан кейін кәсіп ашуды мәселенің шешімі ретінде көрдім. Содан Кәсіпкерлер палатасына кеңес алу үшін барып едім, «Бастауды» оқуды ұсынды. Бір ай оқудан соң сертификат алып, әрі қарай гранттық қаржыға қол жеткіздім. Бұл ақшаға құстарымды сатып алып, қазір жаңа қора-жайға үйретіп жатырмын», - дейді ісін жаңа бастаушы кәсіпкер Тойбазар Шаханов.
Кәсіпкер қанаттылардың күтімі жақсы болып, дұрыс тамақтандырса оның өнімін де молынан алуға болатынын айтады. Бүгінде үйдің жұмыртқасын халық іздеп жүріп алады. Сондықтан Тойбазар Шаханов кәсібінің өрге басатынына сенімді.
«Бастау» жобасы бойынша биылдың өзінде Қызылорда облысында 800 азамат біліктілігін жетілдіріп шықты. Оның ішінде 743 қызылордалық жобасын сәтті қорғап, арнайы сертификаттарға қол жеткізген.
«Жобаға қатысу бар да оны сәтті аяқтау және бар», - дейді «Бастау» жобасы бойынша Кәсіпкерлер палатасының сарапшы маманы Салтанат Шоникова – «Бір айлық курстан кейін қатысушы жобасын арнайы комиссия алдында қорғауы тиіс. Сәтті қорғаған жағдайда сертификатқа қол жеткізе алады. Ал комиссия мүшелері қатысушының әлі де өз ісін ашуға дайындығы аздығын көрсе, онда тек қатысты деген сертификат беріледі. «Бастауды» бітірген азаматтар дер уақытында қаржыға қол жеткізіп, жобаларын бастап кетуге тырысатыны анық. Бірақ бір нәрсені түсінген жөн, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге немесе кәсібін бастаймын деген азаматтарға қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым. Дәлірек айтқанда, істі бастауға қатысты кеңес беру, оқыту, бизнес-жоспарларын дайындау, заңгерлік құжаттарын әзірлеп беру, есептерін тапсыру – міне бұл қызметтердің барлығы Палата тарапынан тегін көрсетіледі. Ал жобаны қаржыландыру қаржы ұйымдарының жұмысы. Біз өз кезегімізде бастамашының жобасына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар беріп отырамыз. Яғни қандай бағдарлама аясында қай қаржы ұйымдарынан, қанша пайызбен қаржы алуға болады деген сынды сауалдарына жауап беріп, әрі қарай кәсіпкердің жобасы аяққа тұрып кеткенге дейін мониторинг жасап отырамыз».
Айта кету керек, «Бастау» жобасына қатысқан азаматтар кәсібі үшін 6500 айлық есептік көрсеткіш немесе 16 412 500 теңгеге дейін несие алуға, сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы аясында 100 айлық есептік көрсеткіштен (252500 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке (505000 теңге) дейін қайтарымсыз гранттық қаржыға қол жеткізуге мүмкіндіктері бар.
11 қазан 2019 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области