Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАҚСАТ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

МАҚСАТ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ


Өңірде кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамтуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтің қолдауымен «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асып келеді. 2015 жылдан бастау алған «Бизнес Бастау» жобасы былтыр нақты іске кірісті. Аталған жоба аясында кәсіпкерлік саласы жаңа кәсіп иелерімен толыға түсті.
– Қармақшы ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша 2018 жылға жоспарланған 220 жұмыссыз азаматты «Бастау Бизнес» курсынан өткізу жоспарланып, үш кезеңде 123 азамат оқуға жолданса, төртінші кезеңге 40 адам тестілеуден өтті. Аудан бойынша 43 адам 146,9 млн. теңге несие алды. «Бастау Бизнес» курсынан өткен 11 адам 34 млн. теңге несиеге ие болды, – дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Данияр Ахметов.
Бүгінде кәсіпкерлер палатасы филиалымен оқу курсынан өткен 107 жоба қорғалған. Сонымен қатар, филиал мамандарының айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы негізінен кәсіпкерлікті ауылдық жерлерде жандандыруға бағытталған.
– Көлік жөндеу, мал шаруашылығы, наубайхана, көлікті техникалық байқаудан өткізу жобасы өзінің өтімділігімен ерекшеленеді. «Бизнес Бастау» курсында адам жасына шектеу қойылмайды. Зейнет жасына дейінгілер бағын сынауына жол ашық. Шартына келсек: бірінші, іріктеу тестілеуден өтсе, екінші құжат тапсырады. Ал, үшіншісінде бизнестің психологиясы, бағдарламамен таныстыру, көмектері, зерттеу, салық есептілігі, заңдық құқықтары оқытылады. Содан соң барып, жоба аудандық, облыстық комиссияда қорғалады. Оның қорытындысымен жоба қаржы институтына жіберіледі. «Бизнес Бастаудың» еліміздегі жұмыссыздықты азайтуға ықпалы көп. Жақында Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Қадіржан Ұзынжасов, дүроңғарлық Әзімбек Нәбиев, жосалылық Азамат Сәрсенбаев, ақайлық Серік Әбсалықов, тағы басқалар жоба аясында кәсіп бастады. Жалпы аудан тұрғындарының ынтасы жоғары, – дейді «Бизнес Бастау» жобасының бизнес-тренері Айгүл Төлекова.
Еліміздің экономикалық әлеуеті шағын және орта бизнеспен тікелей байланысты екені жасырын емес. Бұл – жұмыссыздықты азайтуда көп көмек әрі қоғам дамуында сүбелі үлес атқармақ. Соның бір парасы – «Бизнес Бастау» жобасы ауданда бір ізге қойылып келеді. Бір айтарлығы – жұмыссыздықты желеу етіп, екі қолды алға ұстайтындар саны азаймақ.
02 қазан 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области