Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУ АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТУ АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы әрбір азаматты елінің келешегінің кемелденуі жолында жұмылуға үндейді.  Тұтастай ұлт болып жаңғыру жолында тың серпіліс жасай білсек болашағымыз бұлыңғыр болмасы хақ. Ақиқатында өткен ғасыр шеңберінде басты байлығымыз жерімізді мақсатсыз пайдалану көзделген. Соның салдарынан азып-тозған жерлерімізді қалыпқа келтіру жұмыстары тәуелсіздік алған жылдардан кейін жүзеге асты.
    Елбасы айтулы мақаласында халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келеді делінген. Айтса айтқандай-ақ, Қазақстан жерінің біраз бөлігінде қазба байлықтар қоры жетерлік. Әр өңір қазба байлықтары тиісінше игеріп, өндіріс орындарын кеңінен ашуда.  
     Ауыл шаруашылығы бағытында да келелі жұмыстар жүргізіліп, диқандар қауымы астықты молынан жинауда. Бұл дегеніміз кең байтақ жеріміздің дархандылығы десек болады. Жаңғыруға бетбұрыс жасаған еліміз қашанда озық технологияларды пайдалана отырып, жаңа өнімдерге қол жеткізуде. Отанымызды ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, келешек ұрпаққа ұлан ғайыр дархан даласын, кең байтақ жерін мұраға қалдырғаны тегіннен тегін емес екендігін дәлелдеді. Жер қойнауындағы қазба байлықтарды ұтымды игеріп, халық мүддесіне пайдалану басты парыз екендігін әрбір қазақстандық азамат жақсы біледі. Менделеев кестесіндегі барлық элемент- тер табылатын жерімізді тиімді пайдаланып, еліміздің өзге де дамушы мемлекеттермен иық теңестіріп, озық 30 дамыған әлем державаларымен қатар тұру басты мақсатымыз екені анық.
    Ендеше кең байтақ жерімізді әрі қарай игеру жолында тың бастамалар көтеріп, жаңашыл леппен жаңғыруға атсалысайық.
    Б. ОРДАБЕКОВ

26 желтоқсан 2017 ж. 911 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области