Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 137 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Қызылордада 137 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қазан айының 10-17 күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 14-і – көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 12-і – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 6-і – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы) анықталған.
Сондай-ақ, ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) 26 дерегі бойынша заң бұзушылықтар орын алған.
Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара қолданылды.

11 қазан 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области