Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ


    Қызылордада бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды 24 kz телеарнасы.  Тарихи деректер, дария жағалауындағы қала астана атанған 1925 жылы осы дәл осы атқару комитеті ғимаратында ұлтымыздың төл атауы қайтарылғанын көрсетеді.
    Кейін бұл тарихи нысан кезінде бұзылып кетті. Дегенмен жергілікті ғалымдар оның сызбасын мұрағаттан тауып отыр. Осылайша біраз жыл бұрын жермен жексен болып кеткен айтулы кешенді қайта салып шығуға мүмкіндік туды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 137 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы пайдалануға берілетін орталықтың жұмысын жандандыру үшін тағы 21 миллион теңге қаралған.
    – «Рухани жаңғыру» орталығының Қызылорда қаласында тарихи үлгісін жандандырудың маңызы өте зор. Өйткені өздеріңіз білесіздер, 1925 жылы бұған дейін «қырғыз-қайсақ» болып аталып келген халқымыздың ресми атауы бекіп, осы жерде алаштың зиялылары, ардақтылары «қазақ» деген тарихи атауымызды қайтаруға арнайы жарлықтың шығуына, септігін тигізген болатын. Сондықтан осының барлығын ұрпақтың жадында жаңғырту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі,– дейді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

26 желтоқсан 2017 ж. 725 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области