Қызылорда облыстық Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Шаменов Бауыржан Серікұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Б. Шаменов 1981 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Құқық және нарық академиясын бітірген. Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының қазынашылық департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған.
2013 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.