Қызылордада аумақтық департаменттің басшысы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Қалжанов Саламат Сағынайұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
С.Қалжанов 1964 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын Арал ауданында Орта кәсіптік техникалық училищесінде мастер болып бастаған.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.
2008-2018 жылдары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшесін басқарған.
2018 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.