Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ЭНЕРГИЯ ТАРАТУ КӨЗДЕРІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЕҢ НЕГІЗГІ ЭНЕРГИЯ ТАРАТУ КӨЗДЕРІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТУДЕ



    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың Қызылорда облысындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 2018 жылдың 29 наурыздағы №11-3/07-652 хаттамасының 6.3 тармағы. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне белгіленген тәртіпте ғимараттың ағымдағы апаттық жай-күйін және Қызылордажылуэлектрорталығының жабдықтарының тозығы жеткендігі ескерілді. Жаңа жылу электр орталықтарын салу сұрағы бойынша сараптау комиссиясын құру және осы сұраққа сәйкес қорытындыны 2018 жылдың 1 маусымына дейін беру тапсырылды.
    Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі №153 бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдардың, энергетикалық кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың қатысуымен сараптау комиссиясы құрылған. Атап айтқанда, «Tetra Tech» корпорациясы басқаруындағы ЮСАИД «Болашақ энергиясы» аймақтық жобасының жетекшісі мен энергетикалық сарапшылар. Комиссияға Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр станциясын салудың орындылығы туралы сараптамалық қорытынды ұсынылды.
    «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-да энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйіне тексерулер мен зерттеулер жүргізу үшін 2018 жылдың 17 мамырдан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің электр-жылу өндіруші станцияларын қадағалау мен бақылау басқармасының басшысы И.Рожковтың басшылығымен сараптамалық комиссия жұмыс жасауда.
    Атқарылатын жұмыстың ауқымдылығын ескере отырып, жұмысты ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
    Саламат ҚАЛЖАНОВ
    «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
     Атомдық және энергетикалық қадағалау мен
    бақылау комитетінің Қызылорда облысы
    бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік
    мекемесінің басшысы

18 мамыр 2018 ж. 760 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области