15 МАМЫРДА ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
Сейсенбі күні, яғни 15 мамырда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібінде:
• 2018 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы.
• IV деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы.
• 2017/2018 жылғы жылу беру маусымының өту қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігінің басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі