ҚЫЗЫЛОРДА БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ АВТОЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДА 36 СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ АШТЫ
Кеше ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында аймақ басшысы Қ.Көшербаев облыстың 9 айдағы қол жеткізген жетістіктері мен перспективаларын журналистерге баяндап берді.
Халықаралық маңыздағы күре жолдың 812 шақырымы Қызылорда аумағынан өтеді.
– Осы жолдың бойындағы жүргіншілерге жағдай жасау мақсатында биыл талапқа сәйкес 36 сервистік орталық ашылып, жолаушыларға қызметін ұсынуда. Келесі жылы қосымша тағы да 5 қызмет көрсету орталығы іске қосылмақшы, – деді аймақ басшысы.