Қызылордада «Цифрландыру күні» өтеді
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қараша айында «Астана Хаб» ІТ стартаптар технопаркімен бірлесіп, «Роуд Шоу» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында «Цифрландыру күні» жоспарланып отыр.
Шарада ІТ-компаниялар, жеке бағдарламалық өнім өндірушілер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, әлеуетті демеушілерді стартап жобаларға тарту бойынша тәжірибе алмасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нәби Даужанов мәлімдеді.

«Бүгінде облысымызда цифрландыру бойынша 28 жоба іске асырылды. Жоба аясында эталондық стандартқа сәйкес 9 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни, «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Көлік», «Қауіпсіздік», «ТКШ», «Қалалық басқару», «Экология», «Ауыл шаруашылығы» және «Әлеуметтік сала »бағыттары. Нәтижесінде аталмыш жобаның 8-і толық аяқталып, 11-і жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал қалған 9-ы 2020 жылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда», - деді Нәби Тоқмырзаұлы.
Сонымен қатар, желтоқсан айында «көлік» саласын цифрландыру бойынша жолаушылардың автобустарды күту уақытын үнемдеу, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автобустардың жұмыс уақытын, қозғалыс жылдамдығын, жиілігінің сақталуын қадағалау мақсатында қаланың қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесі енгізіледі.
Ал қаладағы аялдамаларға 26 ақпараттық табло және 20 өткелде «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» орнатылады.