Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Сығанақтан алтын бұйымдар табылды

Қызылордадағы Сығанақтан алтын бұйымдар табылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Сығанақ қаласына жүргізілген қазба барысында «көне қорымы» орындары аршылып, ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылып, ғылыми зерттеуге берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.
«Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік қасиетті орындар тізімі толықтырылып, республикалық «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинаққа біздің облыстан жалпыұлттық 12 нысан, өңірлік 60 тарихи нысан ұсынылды. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен Қышқала, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді»,- деді Мира Абуова.
Қазіргі таңда табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Сондай-ақ, басқарма басшысы келесі жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді, яғни концерттік нұсқасын қою жоспарлануда.
15 қазан 2019 ж. 475 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области