Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Араб шейхтарына неге Қызылордада cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Араб шейхтарына неге Қызылордада cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Kyzylorda-news.kz. Экология министрлігі араб шейхтарына жойылуға шақ тұрған құстарды аулауға не үшін рұқсат бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Ktk.kz.
Қазақстан олардың ақшасына қызығып отыр екен. Себебі шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді.
Үкімет өткен аптада Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің 4 шейхына жылына 300-дей құсты атуға рұқсат берген. Аңшылар Қызыл кітапқа енген «жиек дуадақ» немесе «жорға дуадақтарды» Кендерлі-Қаясан, Арыс және Қарақтау, Қызылордадағы Жосалы мен Оңтүстік Қазақстандағы Мемлекеттік қорық аймағында атуға құқылы.
Ал саятшылықтан түскен ақша дуадақтар мен басқа да жоғалып кету қаупі бар жануарларды тіркеу, оны қорғау, сонымен қоса «Охотзоопром» инспекторларын көлікпен қамту және жабдықтауға жұмсалмақ.
Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Парсы шығанағы елдерінің аңшылары қазынаға 61 миллион доллар қаржы құйыпты.
Соңғы он жылда 20 мыңнан астам дуадақ табиғат аясына жіберілсе, оның мыңға жуығы атылған.
«Осы жолы бұларға 273 құсқа рұқсат бердік. Дегенмен қанша шығатыны белгісіз. Ол аңшылық қой. 270 құсқа 181 миллион теңге ақша түседі», – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
15 қазан 2019 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области