АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕ ВИЗАСЫЗ ҚАТЫНАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ КҮШІНЕ ЕНДІ
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында визасыз қатынау туралы келісім 10 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Енді қазақстандықтар бұл елде 30 күнге дейін жүре алады. Ал одан асып кетсе айыппұл төлейді.
Әдеттегідей сапарға шыққан адам төлқұжатының мерзімін тексеріп алуы тиіс. Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген. Алайда, жұмыс істеу мақсатын көздегендерге бұл келісімнің күші жүрмейді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2018 жылдың 20 ақпанында қазақстандықтар визасыз баратын елдердің жаңартылған тізімін таныстырған болатын.