Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ тапсыра алмайтыны рас па?

Салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ тапсыра алмайтыны рас па?

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желілерде салық берешегі бар азаматтардың балалары Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайды деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда, аталған құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және басқаларға қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі»,- деп атап өтеді комитеттен.
Сондай-ақ, ведомство осы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүргізіліп жатқанын еске салады. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
15 қазан 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области