Енді Қызылордадан Шымкент пен Ақтөбеге баратын жолдар ақылы болады
Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда-Шымкент» 246 км I-категорияда және «Қызылорда-Актобе» 566 км II-категориядағы жеңіл және ауыр салмақты көліктерге ақылы жол болады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов мәлімдеді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерұлан Жүнісов мәлімдеді.
«Аталған жобада 2 ақылы төлем пункті және 6 арка қарастырылған. Сонымен қатар, биыл Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізінде 8 елді мекенді айналып өтетін жол, 46 көпір, 14 жол өтпелі, 2 темір жол өткелі,13 көліктік қиылыс, 337 су өткізгіш құбырлар салынды», - деді Ерұлан Бақтыбайұлы.
Сондай-ақ, 2019 жылы желтоқсан айында 3 жер үсті жаяу жүргінші жолы пайдалануға беріледі. Яғни, Қорқыт ата мемориалы бойынша 1629 км, Байгеқұм аумағында 1913 км, Сунақ ата кесенесі бойынша 1960 км.