Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоғамдық келісім кеңесі: Қызылордада мал терісін қабылдайтын бірде-бір орын жоқ

Қоғамдық келісім кеңесі: Қызылордада мал терісін қабылдайтын бірде-бір орын жоқ

Kyzylorda-news.kz. Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғау» тақырыбында кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының заң мәселелері бойынша орынбасары Салават Құлмахан ақпараты тыңдалды. Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселенің аймақта жүзеге асуы бойынша пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.
Атап айтсақ, қала аумағында құлдырап қалған кәсіп орындарын ғимараттарын дамытуға қызығушылық білдірген кәсіпкерлерге беру жайлы ұсыныс болды.
Сондай-ақ, аймақта мал терісін қабылдайтын бірде-бір орын жоқ. Жалпы алғанда мал терісі – өнім шығаруға таптырмайтын табиғи материал. Бірақ оны өңдейтін орнын дайындау мен құрылғыларын орнату үлкен қаржыны талап етеді. Осы орайда билік тарапынан жергілікті ауқатты кәсіпкерлерге аталған бизнес жолын дамытуға ұсыныстар жасалса деген пікір айтылды.
Отырыста Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемеге назарға алу үшін жолданатын болады.
16 қазан 2019 ж. 243 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области