Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ


     «Нұр Отан» партиясы  Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің  кезекті отырысы өтті.
    Жиында «ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру бойынша өңірдегі атқарылған жұмыстар пысықталды.
    Жалпы аймақта бағдарламаны іске асыруға 2017-2019 жылдарға арналған облыстық, қалалық, аудандық іс-шаралар жоспары қабылданған. Бағдарламаның орындалуын баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ербол Рүстемов ағымдағы жылға тіл саясатын жүргізуге бюджеттен барлығы 42 млн. теңге бөленген. Бөлінген қаржының 20,2 млн. теңгесі басқармаға қарасты облыстық тілдерді оқыту орталығы мен аудандарда тілдерді оқыту курстарын жүргізуге қаралса, әлеуметтік жобаларға 11,6 млн.теңге, іс –шараларға 6,9 млн.тг және арнайы телебағдарламаларға 3,3 млн теңге қарастырылған.
    - Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық, - дейді Ербол Рустемов.
    Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары  қазақстандықтардың тілдерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды да баяндап өтті.
    - Өңірде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында тілдерді үйренуге қызығушылық танытатын этнос өкілдеріне қолдау көрсетілуде. Мәселен, өңірде 11 этно-мәдени бірлестік болса, осы мүмкіндікті пайдаланып әр этностан 53 адам мемлекеттік тілді, 24 адам ағылшын тілін  үйренуде, - деді ол.
    «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың  төрағалығымен өткен кеңес отырысына кеңес мүшелерімен бірге мемлекеттік  және  ҮЕҰ өкілдері,  тіл мамандары мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегіндегі ойларымен бөлісті.  
    Кеңес мүшелері талқылаулар қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстарды тиісті органдарға жолдауға шешім қабылдады.


20 қараша 2017 ж. 788 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области