Қызылордада көлік қаққан велосипед жүргізушісі қайтыс болды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында көлік жол бойында велосипед мінген адамды қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы Қызылорда қаласының Бейбітшілік көшесі бойында болған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.