Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Елімізде алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстік облыстарында боран болуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.
Атмосфералық процестердің тез ауысуы Қазақстан бойынша ауа райының қолайсыздығын тудырады. Алдағы үш тәулікте ел аумағына үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды.
«Алайда оның артынан антициклон келеді. Бірақ ол 19 қазанда кезекті циклонмен және арктикалық фронттармен ығыстырылатын болады», - дейді мамандар.
Синоптиктердің мәліметінше, соның әсерінен еліміздің көптеген облысында ауа райы бұлтты және жауын-шашынды болып, жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. Ал солтүстік облыстарда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан қатты жел соғады деп болжанады. Соған байланысты өңірде боран болуы мүмкін.
16 қазан 2019 ж. 385 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области