Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде енді әншілер фонограмма қолданатынын көрермендерге ескертуге міндеттеледі

Елімізде енді әншілер фонограмма қолданатынын көрермендерге ескертуге міндеттеледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда әншілерді фонограмма қолданатынын хабарлауға заң бойынша міндеттемек. Өнер иелері бұл туралы концертке дейін мәлімдеуі тиіс болады. Оны концерт афишасында көрсетсе, тіпті, құба-құп.
Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.
«Біз ел азаматтары бұл бастамамызды қолдайтынын көріп отырмыз. Олар жанды дауысты қолдайды. Сонымен қатар осындай өзгеріс арқылы концерт қызметтерін реттеп, концертті ұйымдастырушы мен концерт залы басшылығының жауапкершілігін анықтасақ дейміз», - дейді мәдениет және спорт министрлігінің музыка өнері басқармасы басшысы Ғани Мұратов.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың пікірінше, мұндай өзгеріс – «әділ әрі адамдыққа сай».
Десе де кейбір концерт залдарының жабдықталуы мен дыбыс режиссерлерінің кәсібилігіне шағымданатын жұлдыздар да аз емес. Әншілер «бастысы жанды дауыста» деген ұстанымға сүйеніп, даусыңды құртуға болмайтынын айтады.
«Бүгінде танымалдыққа ие көптеген әнші «компьютерлік әнші» сияқты көрінеді. Әине, әнші, жұлдыз атанғысы келетіндер көп. Сол үшін компьютер арқылы даусын түзейді. Алайда олар компьютер арқылы жүрегінде жатқан дүниені бере алмайды», - дейді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Арна тілшісіне сұхбат берген дыбыс режиссерлерінің бірі мүлдем ән шырқай алмайтындардың өзінің көмегіне жиі жүгінетінін айтады. Мұндай «әншілердің» даусын өңдеу шамамен 10 мың теңге тұрады екен.

17 қазан 2019 ж. 574 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области