Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тереңөзекте «Шаншар» театры концерт қойды

Тереңөзекте «Шаншар» театры концерт қойды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Абай-Дәулет» ЖШС-і демеушілігімен «Шаншар» әзіл-сықақ театры Сырдария ауданында концерт өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық мәдениет үйінде өткен концертке Тереңөзек кентінің және С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдық округтерінің тұрғындары көрермен ретінде қатысты.
Концерт барысында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының өнерпаздары әзілмен өрілген қойылымдарын ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жаңа бағдарлама бойынша өнер көрсеткен театр мүшелері аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшысы У.Әбдірайымов Сырдария ауданының өнер сүйер жұртшылығына шынайы ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, «Шаншар» әзіл-сықақ театры кеше Бесарық ауылдық округінде де концерт өткізді.

10 желтоқсан 2018 ж. 878 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области