Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ТЕАТРЫ – ЕКІ ЖАСТА

ЖАСТАР ТЕАТРЫ – ЕКІ ЖАСТА


Қызылордада соңғы жылдары мәдениет саласы айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры актерлары мен облыстық филармония өнерпаздары кейінгі 5 жылдың бедерінде шет ел сахналарына шығып, лайықты бағасын алып жүр.
27 наурыз – Халықаралық театр күні мерекесінде жас өнер ұжымы өзінің екі жасқа толғанын А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде атап өтті. Мерекеде өнер шаңырағы жыл қорытындысы бойынша үздік өнер иелерін марапттады.
Сәл шегініс жасасақ, 2016 жылы Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан құрылған жастар театры нақты кезеңде көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Бүгін Сырдағы жастар театрының шымылдығы түрілгеніне 2 жыл толып отыр. Қуаныштысы сол, Қызылордалық талантты жастардың тырнақалды қойылымына ел ағаларыда, қалың көрерменде оң бағасын берген болатын.
Жастар театрының жетекшісі – есімі елге белгілі ресисер-сценарист, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов. Талантты режиссердің бастамасымен құрылған жастар театрының өнерлі өрендері ә дегеннен «Алғашқы махаббат» пьесасын, «Қыз қасқыр» қойылымын сахналап, қызылордалық өнерсүйер қауымды қуантты. Бұған қоса, түрлі мерекелік шараларға өз үлестерін қосып жүр. Бүгінде жас актерлар «Неге?» атты трагедиялық қойылымды дайындап жатыр.
Халықаралық театр күні мерекесі – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі. Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнадан мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады. Қорытынды кеште, театр жылдың үздіктерін марапаттап, осы кезге дейінгі қойылымдарынан үзінділер көрсетті.




«Kyzylorda-news»

28 наурыз 2018 ж. 782 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области