Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 1400-ден астам теміржолшының құқығы қорғалды

Қызылордада 1400-ден астам теміржолшының құқығы қорғалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда көлік прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қызылорда бөлімшесінде жұмысшылардың еңбек құқығы бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, еңбек заңнамасының және ұжымдық келісім-шарттың талаптарына қарамастан, мыңнан астам жұмысшы арнайы киіммен толықтай қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ төрт жүзден астам жұмысшыға ашық ауада жұмыс істегені үшін жалақыларына қосымша ақы төленбеген (+35С градустан жоғары).
«Прокуратурамен қабылданған шаралар нәтижесінде жұмысшылардың құқығы толығымен қалпына келтіріліп, арнайы киімдер беріліп, төлемақылар толық мөлшерде аударылды. Сондай-ақ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-на қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 97-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 млн теңге айыппұл салынды (400 АЕК)», - делінген хабарламада.

17 қазан 2019 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области