Қызылорда облыстық прокуратурасы мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам қаржы өндірді
Жүргізілген талдау барысында «СНПС-Ай Дан Мунай» АҚ 2016 жылы сол уақытта жинауға, орналастыруға және сақтауға құқығы жоқ ұйымға өндірістік қалдықтарды бергені анықталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қадағалау актісіне сәйкес, мемлекеттік кіріс Департаменті акционерлік қоғамға және қалдық өңдейтін мекемеге де 1,5 млрд. теңге көлемінде эмиссия төлемін жасау қажеттілігі туралы хабарлама берді.
Аталған дерек бойынша екі жыл бойы АҚ-ға жолданған хабарлама бойынша сот талқылауы жалғасты.
Бұл дауға қатысты 2018 жылдың 22 қарашасындағы Жоғарғы Соттың қаулысына сәйкес Департаменттің әрекеті заңды деп танылды. Қосымша ақы мөлшері бюджетке толық төленді.
Сонымен қатар, заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетке салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерін төмендеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 622 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды, делінге ресми хабарламада.