ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша істің мән-жайына сәйкес, Жаңақорған АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Жаңақорған кентінде орналасқан «Премиум-Класс-Строй» ЖШС-нің құрылысында ақылы жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталды. Олардың құжаттарын тексеру барысында құқық бұзушылар бұрын Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5 бөліктерімен әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін де бұл заңсыздықты қайталап отыр. Олар Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен деп келіп, пайда табу мақсатында жоғарыда аталған нысанда құрылыс жұмыстарымен ақылы айналысып жүргені белгілі болды.
Сот қаулысымен құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.