Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҢШЫ МЫЛТЫҒЫН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН

АҢШЫ МЫЛТЫҒЫН ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН


    Қармақшы  ауданының тұрғынының жеке автоколігінде ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қару заңсыз сақталғаны анықталып, одан 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.
    Құқық бұзушылық жасаған азаматқа қатысты аудандық сотта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
    Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
    Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42420 теңге айыппұл салынды, заттай дәлелдеме ретінде алынған аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.
    Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

29 қаңтар 2018 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области