Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар


Халықаралық авиадиспетчер күні
 Амстердамда 1961 жылғы 20 қазанда авиация диспетчерлері қауымдастықтарының Халықаралық федерациясы құрылды. Бұл оқиға әуе көлігін дамыту тарихындағы елеулі кезеңге айналып, сөйтіп жаңа кәсіби мейрамның өмірге келуіне негіз болды. Содан бері жыл сайын 20 қазанда Халықаралық авиадиспетчер күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік статистика күні
2010 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясының 41-сессиясында Дүниежүзілік статистика күнін құру туралы шешім қабылданды. 2010 жылғы 3 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2010 жылғы 20 қазанды алғашқы дүниежүзілік статистика күні деп ресми жариялаған қарарды қабылдады.

1933 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізі қаланды. Білім ордасының ашылу салтанаты 1934 жылы 15 қаңтарда өтті. Алғашқы кезде университет құрамында физика-математика және биология факультеттері ғана болды. Бүгінгі таңда республиканың беделді оқу орындарының бірі.

1934 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының іргесі қаланды. Алғаш Семей мұғалімдер институты болып ашылған. 1937 жылдан педагогикалық институт болып өзгерген. Институтқа 1939 жылы Н.Крупская есімі, 1993 жылы Шәкәрім есімі берілген. 1996 жылдан Семейдегі басқа да жоғары оқу орындарымен Семей мемлекеттік университетіне біріктіріліп, 2004 жылдан қайтадан дербес жоғары оқу орны мәртебесін алды. Бүгінде институт қазақ және орыс тілдерінде барлық білім салаларынан педагогтар даярлайды. Институт құрамында Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының экологиялық орталығы, М.Қозыбаев атындағы Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі құрылды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әкімшілік құрылымына ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлім енгізілді.

1995 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп жарияланды.

20 қазан 2019 ж. 523 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области