Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2022 жылы еліміздегі пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатады

2022 жылы еліміздегі пәтер иелері кооперативтері өз жұмысын тоқтатады

 Kyzylorda-news.kz. «ҚР Тұрғын үй мәселелесі бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Сенатының екінші оқылымына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті бүгін «ҚР Тұрғын үй мәселелесі бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
«Бұл заң жобасы үш мәрте көптің алдында талқыланған болатын. Заң жобасының алғашқы нұсқасы мен қазіргі нұсқасының айырмашылығы үлкен. Заң жобасына осы уақытқа дейін 400-ге тарта өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Мәжіліс және Сенат депутаттары өз тарапынан тиісті ұсыныстарды енгізді. Жұмыс тобының бірнеше отырысы өтіп, ұзақ талқыдан кейін заң жобасы Сенаттың екінші оқылымына жолданды», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бүгінгі Сенаттағы отырыстан кейін тілшілерге берген жауабында.
Вице-министрдің айтуынша, ПИК-тер 2022 жылдың 1 шілдесінде жұмысын тоқтатады.
«Себебі, біз норма бойынша басқару формасы өзгергенге дейін 3 жыл уақыт сұрап отырмыз. Алдағы бір жылда кез келген тұрғын үйдің тұрғындары қандай басқару формасын таңдайтынын айқындап алуы керек. Олар қарапайым серіктестікті таңдай ма, әлде, үйдің бүкіл шаруасын заңды тұлға жүргізгенін қалай ма – анықтап алуы тиіс. Яғни, тұрғындар басқару органын таңдауға құқылы. Олар заңды тұлғаға жүгінбей-ақ басқарушы компаниямен келісіп ала алады. Заң жобасы бойынша қасбеттің, шатырдың қалыпты жағдайда болуына қатысты жергілікті атқарушы органдарға үлкен құзірет беріледі», - деді ол.

19 қазан 2019 ж. 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области