Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Араб шейхтарының аңшылығынан түскен қаражат экологияға жұмсалады

Араб шейхтарының аңшылығынан түскен қаражат экологияға жұмсалады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев араб шейхтарына аң-құс аулауға рұқсат беру бастамасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұнда браконьерлікке тыйым салып, араб шейхтарына рұқсат беру туралы қосарлы стандарт жоқ. Ең алдымен, мәселені заң жүзінде регламенттеу қажеттігі туып отыр. Яғни, аңшылық жасайтын орынды анықтау, аңшылық мерзімін бекіту және аулауға рұқсат етілген аң-құс санын көрсету керек. Қазір де өзіміздің балықшылар мен аңшыларға осы тәртіппен жолдама беріледі. Екіншіден, әрбір ауланған құс аңшы үшін айтарлықтай қымбатқа шығады. Ол қаражат экология мен қорықтық аймақтарды қорғауға жұмсалады», - деді Дәурен Абаев.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев келтірген дерекке сәйкес, Қазақстанда 969 дуадақ атылған және керісінше 21 мыңнан астам дуадақ еркіндікке жіберілген.
«Тағы бір мысал, 70-жылдардың басында Кения билігі шетелдіктердің аң аулауына тыйым салды. Бұл жануарлар әлемін сақтап қалатын дұрыс шешім тәрізді көрінеді. Алайда, содан бері Кения қаражаттың болмауынан, табиғи парктерін қорғай алмады, жабайы аңдардың 2/3 бөлігінен айырылды. Оңтүстік Африка Республикасында жағдай басқаша, олар трофейлік аңшылыққа барынша жағдай жасады. Қазір олардың жабайы аңдары жарты миллионнан 20 миллионға жетті», - деп өз сөзін түйіндеді министр.
19 қазан 2019 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области